14.05.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астанада Берн одағының отырысы басталды: Қазақстан өңірлік инвестициялық хаб мәртебесін нығайтады
Бүгін Астанада экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың ірі халықаралық бірлестігі — Берн одағының көктемгі отырысы жұмысын бастады. Форумға әлемнің 70 елінен 200-ден астам делегат қатысып жатыр. Елорда төріне жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттары мен жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары жиналды. Қатысушылар қатарында Bpifrance, Credendo, Euler Hermes, SACE, SINOSURE, US EXIM сынды беделді ұйымдар мен әлемдік нарықтың өзге де негізгі ұйымдары бар.
Стратегиялық серіктестік және жаңа нарықтар
Іс-шаралар легі «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ компаниялар тобы басшылығының жаһандық қаржы құрылымдарының жетекшілерімен өткізген бизнес-таңғы асынан басталды. Пікірталасқа Берн одағының президенті және Жапонияның NEXI агенттігінің басшысы Юичиро Акита, ICIEC бас директоры Халид Халафалла, сондай-ақ Түркия (TurkExim), Сауд Арабиясы (SaudiEXIM) және Кувейттің (DHAMAN) экспорттық-кредиттік агенттіктерінің (ЭКА) басшылары қатысты.
Тараптар қазақстандық қаржы құралдарын экспортты қаржыландырудың жаһандық жүйесіне интеграциялау мәселелерін талқылады. Негізгі басымдықтар ретінде мына міндеттер айқындалды:
Маңызды келісімдер
Сессия аясында отандық ЭКА екі стратегиялық құжатқа қол қойды:
Проактивті инвестициялық хабқа трансформациялану
Форум аясында «Бәйтерек» холдингі ICIEC, TurkEximbank және Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (Дүниежүзілік банк тобына кіретін MIGA) өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында декарбонизация («жасыл» инвестициялар), Орталық Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік әлеуетті дамыту, сондай-ақ ESG стандарттарын енгізу мәселелері қозғалды.
«Биылдан бастап біз толыққанды инвестициялық холдингке айналып, жұмыстың жаңа моделіне көштік. Стратегиямыз капиталды проактивті түрде тартуға және қосылған құны жоғары жобаларды кешенді сүйемелдеуге бағытталған. 2025 жылы Холдинг құралдары арқылы ел экономикасына 10,4 триллион теңгеден астам қаражат бағытталды», – деп атап өтті «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.
Жаһандық трендтер және 2025 жылдың қорытындысы
Берн одағы Басқарушы комитетінің отырысында 2025 жылғы есеп ұсынылды. Қолдау көрсетілген трансшекаралық сауданың жалпы көлемі тарихи максимумға жетіп, 3,7 триллион долларды құрады. Делегаттар жаһандық трансформация жағдайында мына бағыттардың өзектілігін алға тартты:
Aman Union жетістіктері
Сонымен қатар, Aman Union (ИЫҰ-ға мүше елдердің ЭКА бірлестігі) Атқарушы кеңесінің отырысы өтіп, онда кредиттік бюролар мен сақтандыру институттарын дамыту мәселелері талқыланды. Берн одағы жаңа мүшелерден, соның ішінде Lloyd's андеррайтерлерінен түскен өтінімдерді қарастырды, бұл ұйымның әртараптандыру бағытындағы трендін растайды.
Айта кетейік, 12 мамырда форум жұмысы Берн одағының Пленарлық отырысымен жалғасады, ал 13-14 мамыр күндері бейінді комитеттер мен Прага клубының кездесулері өтеді. Мұндай ауқымды іс-шараның Астанада өткізілуі Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі қаржылық торап ретіндегі рөлін айғақтайды.
Дереккөз: Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі