Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

08.05.2026

«Бәйтерек» холдингі кореялық инвесторлармен және өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуде

Кеңес ал!

08.05.2026

Астанада алғаш рет Берн одағының Көктемгі отырысы өтеді

Астанада алғаш рет Берн одағының Көктемгі отырысы өтеді

Биыл 11-14 мамыр аралығында Қазақстан астанасында экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру саласындағы ең ірі халықаралық бірлестік – Берн одағының Көктемгі отырысы өтеді. ТМД кеңістігінде мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет ұйымдастырылмақ. 

Форум жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен шамамен 200 делегат қатысады деп күтіліп отыр. Астанаға жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктердің, эксимбанктердің, халықаралық қаржы институттарының және жаһандық сақтандыру корпорацияларының басшылары келеді. Қатысушылар қатарында Bpifrance, Credendo, Euler Hermes, SACE, SINOSURE, US EXIM секілді халықаралық деңгейдегі беделді ұйымдар бар. Одақ мүшелері ұсынатын сақтандыру қорғанысының жыл сайынғы жиынтық көлемі шамамен 3,3 трлн АҚШ доллары болады. Бұл әлемдік трансшекаралық сауданың шамамен 10 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Астанада өтетін алқалы жиын жаһандық экономикалық маңызы зор оқиға айналып отыр.  

Отырыстың негізгі тақырыбы – «Crossroads». Бұл атау қазіргі сын-қатерлер жағдайында экспорттық кредиттеу жүйесінің жаһандық трансформациясын білдіреді.

Іскерлік бағдарлама аясында мынадай басым бағыттарды талқылау жоспарланған:

  • қаржы секторын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу;

  • даму институттарын геосаяси өзгерістерге бейімдеу;

  • тәуекелдерді бағалау және сақтандыру андеррайтингі тетіктерін жетілдіру;

  • ұзақмерзімді экспорттық қаржыландыруды ынталандыратын қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Іс-шара бағдарламасына Берн одағының пленарлық отырыстары, бейінді комитеттердің және Прага клубының кездесулері енген. Сонымен қатар, Астанада ислам әлемі елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін Aman Union кәсіби бірлестігінің атқарушы комитетінің отырысы өтеді. Комитет жұмысына ICIEC, DHAMAN, Turk Eximbank агенттіктерінің басшылары және өңірдегі өзге де қаржы институттарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. 

Осындай беделді халықаралық форумның Астанада өтуі Қазақстанның өңірлік қаржы хабы ретіндегі рөлінің нығайып келе жатқанын және халықаралық сауданың жаңа стандарттарын қалыптастыруға белсенді қатысып отырғанын айқын көрсетеді. Іс-шараны «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ( «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің еншілес ұйымы) ұйымдастырады. Бұл отандық экономика үшін экспорт нарықтарын кеңейтуге және сапалы шетелдік инвестицияларды тартуға қосымша мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар