27.04.2022

Аслан Қалиғазин «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды

Аслан Қалиғазин «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланды

Жалғыз акционердің мүддесін білдіретін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шешімімен ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап Аслан Қалиғазин «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қалиғазин Аслан Ермекұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2005 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында (ҚМЭБИ) магистратураны бітірген.

Университетті тәмәмдағаннан кейін еңбек жолын «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-да бастады. 2006 жыл мен 2011 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде бас маман, басқарма бастығы, даму департаментінің директоры қызметін атқарды.

2011-2013 жылдары «Қазпошта» АҚ қазынашылық департаментінің директоры болды. 2013-2016 жылдары жеке бизнеспен айналысты. 2016-2018 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

2018-2021 жылдары «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ал 2021 жылғы тамыздан бастап осы жылдың наурыз айына дейін «BV Management» ЖШС («Kazyna Capital Management» АҚ еншілес компаниясы) бас директоры болды.

Ескере өтетіні, бұрын «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған Руслан Искаков 16 ақпаннан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. Негізгі міндеті – шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету, қазақстандық экспорттаушыларғады қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар