19.12.2024
- Холдинг туралы
Қарағандыда ферросилиций өндіретін "YDD Corporation" ЖШС зауыты іске қосылды. Нысан "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымы - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды.
Зауыттың ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, "Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов қатысты.
Жобаның жалпы құны 34 млрд 150 млн теңгені құрады,оның ішінде 24 млрд 120 млн теңгені ҚДБ 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 жыл мерзімге қарыз түрінде берді. Қарыз қаражатының мақсатты бағыты – ғимараттар мен құрылыстарды салуды, сондай-ақ жабдықтарды сатып алуды, жеткізуді және монтаждауды қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді көздейді.
– Бұл зауыт металлургия саласындағы басты жоба болып табылады, ол инвестициялық тартымды және ел басшылығы қойған басты міндеттерге – отандық экспортты дамыту және қолданыстағы өткізу нарықтарын кеңейту талаптарына жауап береді. Зауыттың өндірілетін өнімі 100% экспортқа бағдарланған болып табылады. Сонымен қатар, өндіріс кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 94%-дан астамын құрайды, - деп атап өтті "YDD Corporation" ЖШС құрылтайшысы Ерлан Нығматулин.
- Болатты өндіру және легирлеу кезінде маңызды элементтердің бірі болып табылатын ферросилицийдің негізгі көлемін Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ пен ЕО елдеріне жеткізу жоспарланып отыр. Жоба маңызды әлеуметтік әсерге ие, зауытта бірінші кезеңде 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта зауыт қуаты арттырылған соң тағы да 200-ден астам жұмыс орны құрылады. Зауытта жаңа технологиялық жабдық орнатылған,оны пайдалану қызметкерлердің жоғары біліктілігін талап етеді. Сондай-ақ, жобаны қаржыландыру тек өткен жылы басталғанын атап өткім келеді. Компанияның қатысушылары мен менеджменті зауыттың сапалы құрылысын ғана емес, сондай-ақ белгіленген мерзімде зауытты пайдалануға беруді қамтамасыз етті. Зауыт 1 жыл 11 ай ішінде рекордтық мерзімде салынды, - деп атап өтті Абай Сарқұлов.
Жобаның экологиялық құрамдас бөлігіне де көп көңіл бөлінді. Бүгінгі күні бұл ең экологиялық таза кәсіпорындардың бірі болып табылады. Атап айтқанда, газ тазарту жүйесі ауаны өндірістік шаңнан тазартудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оны одан әрі микрокремнеземге қайта өңдейді. Ол жоғары мөлшердегі цементтерді өндіру үшін құрылыс индустриясында пайдаланылатын компонент.
Фотосуретті "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ баспасөз қызметі ұсынды