2023 жылғы 2 наурызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ топ-менеджментімен және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кеңес өткізді.
Кездесуде өткен жылғы негізгі жетістіктер жайлы айтылып, 2023 жылға арналған жоспарлар мен бастамалар қаралды.
«2022 жылы Қор бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкерлердің 50,5 мыңнан астам жобасына қолдау көрсетті. Кредиттің жалпы сомасы 1,5 трлн теңгеден асты, оның 70%-ы Қазақстандағы жаңа жобаларды дамытуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталды», - деп атап өтті «Даму» қорының Басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева.
2023 жылы мемлекеттік қолдау алу процесін жеңілдету және Қордың бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша бірқатар бастамалар іске асырылмақшы. Мысалы, мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді телефон арқылы беру және жобаларға онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілмекші.
Қанат Шарлапаев «Даму» қорының нәтижелерін жоғары бағалап, ұсынылған бастамаларды қолдады, сондай-ақ республикадағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жұмысын жалғастыруды тапсырды.