19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов бастаған делегация құрамында Павлодар облысындағы бірқатар нысандарды аралады.
Делегация «Agro-Trade PV» ЖШС-нің голштино-фриз тұқымды 1200 бас ІҚМ өсіретін ферма ашуды, сондай-ақ ІҚМ-ға арналған жем-шөп базасын қамтамасыз ету мақсатында жемшөп дақылдарын өсіру және картоп өсіру үшін 1 634,63 га суару жүйесін салуды көздейтін жобасымен танысты.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) осы жоба бойынша мал өсіруге және суару жүйелерін салуға қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ, «Agro-Trade PV» ЖШС Даму желісі бойынша «Картопқа арналған 10 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салу» жобасы бойынша субсидиялау түрінде қолдау алды.
Павлодарлық «СтеклоМир» компаниясы – табақты шыны сату, шыныпакеттер, шыны мен айналардан жасалған бұйымдар, жиһаз және интерьер заттарын өндіру, сондай-ақ шыныны өңдеу қызметтерін көрсету бойынша республикадағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын «Даму» қоры арқылы берілетін мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қолдауды пайдаланды.
- Павлодар облысы өзінің мықты өңдеу секторымен танымал. «Бәйтерек» холдингі қолдап отырған бұл жобалардың барлығы экономикамыз үшін өте маңызды, олар индустрия мен құрылыс саласына қажет өнімді өндіретін болады. Біздің міндетіміз – өңірлермен тығыз байланыс орнатып, бірегей инвестициялық жобаларды табу. «Бәйтерек» холдингі әрқашан оларды қарастырып, «пакеттік қолдау көрсетуге», яғни бірден бірнеше еншілес ұйымдардың қолдау құралдарын ұсынуға дайын, - деді Қанат Шарлапаев, Павлодар облысына жұмыс сапарын қорытындылай келе.
Сапар қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің басшысы ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.