14.05.2022

Қанат Шарлапаев Қазақстан экспорттаушыларының алғашқы форумына қатысты

Қанат Шарлапаев Қазақстан экспорттаушыларының алғашқы форумына қатысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан экспорттаушыларының алғашқы форумына қатысып, сөз сөйледі. Қанат Шарлапаев қатысушыларға Холдинг отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қалай қолдайтыны туралы айтып берді.

 Форумды «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық министрліктердің басшылары, отандық өндірушілер мен шикізаттық емес сегменттің экспорттаушылары қатысты.

1.jpg

 - Холдингтің еншілес ұйымдарынан қаржылай қолдау алған экспорттаушылар тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және металлургия, қызмет көрсету мен жұмыстар экспорты, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу сынды салаларда жұмыс істейді. Холдингтің қолдауының арқасында қазақстандық өнім Ресей Федерациясына, Қытай Халық Республикасына, Өзбекстан Республикасына, Тәжікстан Республикасына, Қырғыз Республикасына және басқа да елдерге экспортталады, - деді Қанат Шарлапаев.

 Оның айтуынша, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыру құралдары арқылы шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге экспорттық қолдау көрсетіледі. Өткен жылы 30,7 млрд теңгеге 61 экспорттаушыға қолдау көрсетілді.

 Сонымен қатар, Қазақстанның Даму Банкі экспорттық операцияларды қаржыландырады. 2021 жылы тікелей және банкаралық қаржыландыру шеңберінде 140 млрд теңгеден астам сомаға 23 экспорттаушы қаржыландырылды.

 Холдинг құрылымындағы экспорттаушыларды қолдайтын тағы бір маңызды институт «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 81 экспорттаушы жалпы сомасы 204,7 млрд теңгеге сақтандырылып, қолдау тапты.  

 - Отандық өндірушілердің жаңа экспорттық нарықтарға шығуы бойынша табысты кейстерді қарастыру отандық тауарларды ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналуы тиіс, бұл өз кезегінде қазақстандық компаниялардың тауар айналымын ұлғайтуға және орта бизнестегі көшбасшы компаниялардың жаңа легін құруға мүмкіндік береді, -деп атап өтті Қанат Шарлапаев өз сөзінде.

 Сондай-ақ, форумда «KazakhExport» Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин сөз сөйлеп, қатысушыларға компания қызметінің негізгі нәтижелерін таныстырды, қазақстандық шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық-сақтандыру шаралары туралы толығырақ айтып берді, сондай-ақ қолдау құралдарын тиімді қолдану бойынша мысалдар келтірді.  

5.jpg

Форум аясында қатысушылардың көрмесі және экспорттаушыларды марапаттау салтанаты өтті. Осылайша, табысты экспорттаушы компаниялар құрмет грамоталарымен марапатталды. Еуропа нарығына табысты шығып, қазақстандық экспортты дамытқаны және KazakhExport-пен тиімді ынтымақтастық орнатқаны үшін «Aluminium Of Kazakhstan» ЖШС «Еуропаға ашылған терезе» номинациясы бойынша грамотаға ие болды. KazakhExport-тың сақтандыруы шеңберінде аталған компанияның өнімдері Италия, Литва, Польша, Греция, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады.

3.jpg

Табысты жұмысы, жоғары стандарттарға ұмтылғаны және қазақстандық экспортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Қайнар-АКБ» ЖШС «Ауқымды экспорт географиясы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Бұл компанияның өнімдері KazakhExport-тың сақтандыруы арқылы Италия, Ресей, Грузия, Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және басқа да көптеген елдерге экспортталады.

4.jpg


 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар