Кеңес ал!

14.08.2026

Абай мұрасы: «Бәйтерек» Холдингінде ұлы ойшылдың мұрасы талқыланды

Абай мұрасы: «Бәйтерек» Холдингінде ұлы ойшылдың мұрасы талқыланды

«Бәйтерек» холдингінде Назарбаев Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, абайтанушы Гүлтас Құрманбаймен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Абай жолы: тарих, таным, талғам» болды.

Кездесу барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолын, оның идеялары мен рухани мұрасын, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады. Абай шығармаларында көрініс тапқан құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы өзектілігіне ерекше назар аударылды.

Гүлтас Құрманбай Абай мен Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы туралы өз ой-пікірімен бөлісіп, Холдинг қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар шығармалардағы жекелеген ойлар мен идеяларға қатысты пікір алмасты.

Іс-шара аясында профессор әзірлеген «Абай жолы» роман-эпопеясының хрестоматиялық нұсқасы таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы негізінде әзірленген күнделіктермен танысты.

Кездесу барысында ұлттық әдеби мұра, Абай шығармашылығының маңызы және оның идеяларының қазіргі ұрпақтың мәдениеті, білімі мен дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі туралы мазмұнды пікір алмасу өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар