13.03.2019

 «Даму» үшін болжам «Тұрақты»

 «Даму» үшін болжам «Тұрақты»

Moody’s Investors Service Халықаралық рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін ұлттық және шетел валютада «Baa3/Prime-3» деңгейінде растады, ұлттық шкала бойынша рейтингтер «Aa1.kz» деңгейінде. Эмитент бойынша болжам «Тұрақты» күйінде қалды.

Moody's агенттігінің сарапшылары мемлекет міндеттерін орындауда Қордың рөлін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қаржылай қолдау көрсетудің негізгі құралы ретінде белгілеп, Қордың Қазақстан Үкіметімен айтарлықтай жоғары табыстылықты қамтамасыз ететін «Бәйтерек» бас холдингісі арқылы байланысын атап өтті.

«Даму» Қоры үкіметтік және басқа да ресурстарды кәсіпкерлікті дамыту мақсатында екінші дәрежелі банктер мен микроқаржы ұйымдарына бөлу жөніндегі оператор қызметін атқарады. Қордың қазіргі кездегі мәртебесі Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін өзінің іскерлік тауашасын қамтамасыз етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар