04.08.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Өз жем-шөбіміз» ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдаудың қайта басталуы туралы хабарлайды.
Бағдарламаның мақсаты - мал шаруашылығының жемшөп базасына қажеттілігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігінің артуын және мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту.
Бағдарлама биологиялық активтерді өсірумен/ ұстаумен/бордақылаумен айналысатын, жер учаскелерінің құрылымында жайылымдары және/немесе шабындықтары бар және өзінің жемшөп өндіру/дайындау қызметін құжаттармен растай алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған. Лизинг алушыға қарсы міндеттеме белгіленеді: қаржыландыру алынған қаржы жылынан кейінгі 2 (екі) жыл ішінде еңбекақы және салық түсімдері қорын 10%-ға ұлғайту.
«Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы қазақстандық және шетелдік өндірістің жемшөп дайындау техникасы мен мобильді суару жүйелерін қаржыландыруға арналған. 10 жылға дейінгі мерзімге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды, аванстық төлем мөлшері - кемінде 15%.
Қазіргі уақытта басқа да жеңілдетілген бағдарламалар бойынша өтінімдер қабылданып жатыр, атап айтқанда:
Жеңілдетілген лизинг 6% - фермерлерге отандық өндірістің/құрастырудың өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттармен, яғни, 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% мөлшерлемемен аванссыз сатып алуға мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген лизинг 5% бағдарламасы аграрларға отандық өндірістің және/немесе құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылдан аспайтын мерзімге, авансты 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен сатып алуға көмектеседі.
«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша аграрлықтар отандық өндірістің және құрастырудың аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін тасымалдайтын көлік құралдарын жылдық 6% мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі мерзімге сатып ала алады. Аванс лизинг нысанасының құнынан 15% басталады.
Қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінімді https://t.me/kaz_agro_finance_bot телеграм-боты арқылы беруге, не «ҚазАгроҚаржы» АҚ өңірлік филиалдарына жүгінуге болады.
Қосымша ақпаратты компанияның www.kaf.kz ресми сайтынан алуға болады.