31.08.2023

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының ҚДБ-дан 7% мөлшерлемемен 62,5 млрд теңге алуға мүмкіндігі бар

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының ҚДБ-дан 7% мөлшерлемемен 62,5 млрд теңге алуға мүмкіндігі бар

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жылдық 7%-ға дейінгі қол жетімді мөлшерлеме бойынша ала алатын 62,5 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бар екендігі туралы хабарлайды.

Қаражат айналым капиталын толықтыруға және отандық шикізат емес тауарлардың шетелге экспортын қолдауға арналған. Қарыздың рұқсат етілген сомасы – 1 млрд-тан 7 млрд теңгеге дейін.

Кәсіпорындар алынған қаражатты шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ өнім өндірумен байланысты ағымдағы шығындарды төлеуге жұмсай алады.

Қарыз мерзімі – қаржыландыруды ұзарту немесе бағдарламаға қайта қатысу мүмкіндігімен бір жарым жылға дейін.

«Бұл бағдарламаның мақсаты – жоғары өңделген өнім шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды қолдау. Мультипликативті әсер тек өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын ғана емес, сонымен қатар ілеспе тауарлар мен қызметтердің отандық жеткізушілерін, яғни шағын және орта бизнесті қолдауда көрініс табады», – дейді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы ұзақ мерзімді болып табылады және өңдеу секторы кәсіпорындарының, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнім өндіретін кәсіпорындардың қуатын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көрсетілетін қолдау аймақтағы жұмыс орындарын сақтау мен ұлғайтуға демеу болады.

Толық шарттар мен қатысуға өтінімді www.kdb.kz Даму Банкінің ресми сайтынан немесе сайтта көрсетілген байланыстар бойынша Клиенттермен жұмыс дирекциясы арқылы алуға болады.

Анықтама:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар