Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

19.10.2023

«Бәйтерек» холдингі мен Huadian энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейтуде

 «Бәйтерек» холдингі мен Huadian энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейтуде
Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен қытайлық Huadian компаниясы энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыруға ниетті.

Маңғыстау облысында қуаты 150 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл қондырғы алдағы төрт жыл ішінде пайдалануға берілмекші. Ол өңірдегі электр энергиясының тапшылығын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, Қазақстан өңірлерінде қуаты 600 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Qazaqstan Investment Corporation» (QIC) China Huadian Overseas Investment Ltd. компаниясымен энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А. Сәтқалиев, QIC Басқарма төрағасы А. Қуатова және China Huadian Overseas Investment Директорлар кеңесінің төрағасы Цю Тяньгэнь Мемлекет басшысының 2023 жылғы 01 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді шешуге бағытталған келісімге қол қойды. 
2 (3).JPG
Басты мақсат – елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, энергетика саласына инвестиция салуды жандандыру және шетелдік капиталды тарту.
Келісім шарттарын орындау шеңберінде, мамандандырылған жұмыс тобы құрылмақшы, оның мүшелері ақпарат алмасады және жобалардың тізбесін айқындайды, оларға талдау жүргізеді, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлейді.

Сондай-ақ, тараптар осы саладағы қазақстандық мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру үшін бірлескен семинарлар мен тренингтер ұйымдастыратын болады.

Энергетикадағы мұндай үйлестірілген тәсіл Қазақстанда алғаш рет қолданылады және жасыл энергетикаға біртіндеп көшіре отырып, көмірсутекке тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Қытайлық серіктестер өз аумағында осындай жобаларды сәтті жүзеге асырғанын атап өтеміз.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар