24.07.2024

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) шикізат емес тауарлар экспортын дамытуды көздейтін шаралар шеңберін кеңейтеді. 2024 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша отандық экспорттаушыларды қолдау көлемі 142,1 миллиард теңгеге жетті. 2023 жылдың тура осы аралығымен салыстырғанда көрсетілген көмек 108,3 миллиард теңгеге өсті. Ал экспорт алдындағы және экспорттық-сауда қаржыландыру көлемі 17,1 миллиард теңге болды.   

Көп жағдайда тамақ өнеркәсібі, металлургия өнімдері экспортталады. Сондай-ақ, шетелдік тұтынушылар АӨК дайын өнімін, құрылыс материалдарын және басқа да тауарларды жаппай сатып алып жатыр.

«ЭКА өзінің сақтандыру, кепіл болу және қаржылық қолдау шаралары арқылы экспорттық циклдің барлық кезеңінде қолдау білдіреді. Біздің басты міндетіміз – қазақстандық экспорттаушыларға тиімді әрі қолайлы жағдай жасау. Осы арқылы біз қол жеткізген нәтижені еселеп, елдің экспорттық мүмкіндігін едәуір күшейтуге тырысамыз», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 2024 жылдың алғашқы 6 айында 31 экспорттаушыға қолдау көрсетті, оның алтауы – жаңа клиенттер, яғни Агенттік қызметіне алғаш жүгінген кәсіпорындар. Одан бөлек, осы аралықта 228 экспорт келісімшарты, 136 сақтандыру шарты, сондай-ақ өзге де қосымша келісімдер бойынша көмек көрсетілді. Бұл жобалардың нәтижесінде экспорттаушылар 211 импорттаушымен сауда қатынасын орнатты.

Экспорт жүзеге асқан елдер қатарында Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Польша, Әзербайжан, Литва, Моңғолия, Эстония және т.б. елдер бар.

«2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қолдау тапқан экспорттаушылардың 58 пайызы шағын және орта бизнесті қамтып отыр. Біз ел экономикасын әртараптандыра отырып, ШОБ факторын басты назарда ұстаймыз», - деді «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов.

Кейінгі жарты жылда қаржы институттарынан ЭКА сақтандыру өтемімен отандық экспортты қолдауға 68,6 миллиард теңге көлемінде қосымша қаржы тартылды.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап компания отандық өндірушілерге 1 312,1 миллиард теңге сомасында қолдау көрсетті. Осы кезеңде 240 экспорттаушы сақтандыру қызметтін пайдаланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар