10.12.2024

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау 640,3 млрд теңгені құрады

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау 640,3 млрд теңгені құрады

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларын іске асыру туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде Рустам Карагойшин «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ құралдары арқылы ұсынылған қолдаудың жалпы көлемі биыл 640,3 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл нәтижеге Холдинг пен серіктестердің ортақ күш-жігерінің арқасында қол жетіп отыр.

«2024 жылдың 11 айында жалпы сомасы 604,2 млрд теңгеге жобаларға қолдау көрсетілді. Жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде 272 млрд теңгеге қаржыландыру көзделген, бұл 17,3 мың пәтер сатып алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта әкімдіктердің облигациялары 248,5 млрд теңге сомасына сатып алынды, бұл жылдық жоспардың 91%-ы. Қалған 23,5 млрд теңге 2024 жылғы 17 желтоқсанға дейін берілетін болады»,- деп атап өтті Рустам Карагойшин.

Кредиттік тұрғын үй бөлігінде әкімдіктерге ұсынылған қаржыландыру көлемі 165,1 млрд теңгені құрады, бұл жоспардың 100%-ы. 10 мың пәтер пайдалануға берілмекші, оның 5,7 мыңы тапсырылды. Сонымен қатар, Астана қаласында реновация бағдарламасын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың шілде айында 25 млрд теңге сомасына ЖАО облигациялары сатып алынды.

Әлеуметтік тұрғын үй салу қарқынын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін 2025 жылы Ұлттық банктің бұрын бөлінген қаражатын және Ұлттық қордың қайтарылған қаражатымен араластыру тетігін іске қосу ұсынылды. Бұл тәсіл өңірлерге жылдық 4,25% орташа мөлшерлемемен облигациялық қарыздар арқылы шамамен 160 млрд теңге бағыттауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Үлестік құрылысқа кепілдік беру және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктеріне келетін болсақ, 2024 жылы 165,6 млрд теңге сомасына жобалар қолдау тапты, бұл жылдық жоспардың 93%-ын құрайды. Жыл соңына дейін қолдау көлемі 178,2 млрд теңгеге жетеді. Бұл коммерциялық тұрғын үй құрылысына қатысатын 7 мыңнан астам азаматтың қаражатын қорғауға мүмкіндік береді.





Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар