Кеңес ал!

17.02.2026

Холдингтің экономиканы әртараптандыру шараларына қатысты «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің баяндамасы

Холдингтің экономиканы әртараптандыру шараларына қатысты  «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Р.Т. Қарағойшиннің баяндамасы

Құрметті Олжас Абайұлы, құрметті әріптестер!

Холдинг қызметінің нәтижесінде 2025 жылы барлық бағыттар бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 10,4 трлн теңгені құрады (бұл ретте бөлінген қаражатты игеру 2025 жылғы маусымда басталды, ал жоспарланған 1 трлн теңгенің 514,2 млрд теңгесі алынды).

Бұл 2025 жылы келесі нәтижелерге жеткізді:

- 77 ірі жоба қаржыландырылды;

- шағын және орта бизнестің 27,4 мың жобасы қаржыландырды, оның ішінде 7,9 мың ауыл шаруашылықтарына көктемгі егістік үшін қолдау көрсетілді;

- 131 экспорттаушы қаржыландырылды;

- 8 млн га жер өңделді;

- 11,4 мың ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді;

- 77,5 мың отбасы, оның ішінде 11,6 мың кезекте тұрғандар баспанамен қамтылды.

2026 жылы Холдингке 1 трлн теңге капитал берілсе, экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар.

Холдинг шағын және орта бизнес пен басым салаларды қолдау бойынша келесідей жоспар құрып отыр.

Өнеркәсіпті дамыту қоры құны 7 млрд теңгеден басталатын өндірісті тұрақты дамытуға бағытталған жобаларды қолдайтын болады және машина жасау секторында толыққанды даму институты болып өзгереді.

Бұл ретте, Ұлттық банк және басқа да мемлекеттік органдардың ұстанымдарына орай, 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды екінші деңгейлі банктерге беруді келістік.

«Даму» қоры екінші деңгейлі банктердің экономиканы қаржыландырудағы үлесін көбейту үшін шағын және орта бизнестің несиелерін қолдауды бұдан әрі жалғастырады.

Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы ішкі нарыққа бағытталған өнеркәсіп жобаларына терең өңдеу мен тамақ өнеркәсібіне 1 трлн теңгеге қолдау көрсетеді.

Қазақстанның даму банкі шикізаттық емес экспортты қолдауға 2 трлн теңге бағыттайды.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 600 млрд теңгеге экспорттық жобаларды қолдауды жоспарлап отыр.

Жобаларды капиталдандыру жеткіліксіз болған жағдайда, QIC қолдау көрсететін болады.

Осылайша, Бәйтерек тобының барлық қаржы құралдары бизнесті қолдауда бірін-бірі толықтырып, аталған секторларды қолдайтын болады.

30 қаңтарда төрт салалық инвестициялық дирекциядан тұратын Инвестициялық қызмет құрылды.

Инвестициялық дирекциялардың негізгі көрсеткіштері экономикаға маңызды 15-20 елдік жобаны іске асыру болады.

Салалық министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп, ұсынылған жобалар бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс 1500 жобаны қамтиды.

Жалпы, жобаларды іріктеу жұмысын сапалы жүргізу үшін қосымша критерийлер анықталды. Біз осы критерийлерді министрліктер, әкімдіктер және ҚазақИнвест компаниясына жолдайтын боламыз.

Қазіргі уақытта, Холдингте 3,4 трлн теңге құрайтын 449 инвестициялық жобалар тізімі бар.

Осы тізімдегі құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар екінші деңгейлі банктерге береміз.

Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа 80 трлн теңгеге жуық сомаға 1 319 әлеуетті жобалар тізімін қамтиды.

Алайда, бұл жобалар бойынша келесідей сұрақтар бар: олардың дайындық деңгейі туралы ақпарат жоқ, жобалардың 30%-ы бірін-бірі қайталайды, әкімдіктермен жеке ұсынылған жобалар Платформада көрсетілмеген.

Аталған платформа инвестициялық жобалардың бірыңғай базасы болып саналады. Осыған байланысты жобаларды сапалы іріктеу мен бағалау үшін Платформаны бірлесе жетілдіру қажет.

Холдинг экономиканың негізгі секторларының тұрақты өсуі үшін инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады.

Металлургия саласында жалпы құны 3,9 трлн теңге болатын 23 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, металлургиялық кластерді жаңғырту (1,75 трлн теңге), Ақтоғай тау-кен өндірісі (1,85 трлн теңге), Ферросилиций өндіру зауыты (127 млрд теңге) және т.б.

Аталған салада 13,6 трлн теңге сомасына 55 әлеуетті жоба айқындалды, олардың қатарында Qarmetті жаңғырту (1,6 трлн теңге), мысты қайта өңдеу (1,3 трлн теңге) жобасы және т.б. бар.

Машина жасау саласында құны 610,6 млрд теңге болатын  21 жоба қаржыландыруда, оның ішінде кеме жасау верфі (132,5 млрд теңге) мен соғылған бұйымдарды шығаратын ұста-бандаж кешенінің (73,2 млрд теңге) құрылыстары бар.

Сонымен қатар, 642 млрд теңгеге 20 жоба қарастыруға түседі деп күтілуде. Бұлар – мультибрендті автомобильдер өндірісі (150 млрд теңге), теміржол вагондарын (106 млрд теңге) және ауыр машина жасау (27 млрд теңге) секілді зауыттар бар.

Химия саласында құны 636 млрд теңгені құрайтын 11 жоба Холдинг қолдауы арқылы іске асырылуда. Олардың қатарында кальцийленген сода (190 млрд теңге), каустикалық сода (152 млрд теңге), күкірт қышқылы (113 млрд теңге) өндіру зауыттары және т.б. жобалары бар.

Осы саладағы жоспарланған жобалардың саны – 35, сомасы – 7,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде аммиак-карбамид кешені (931 млрд теңге), калий тұздарын өндіру (905,8 млрд теңге) жобалары және т.б.

Энергетика және мұнай өңдеу саласында Холдингпен 1,3 трлн теңге сомасына 9 жоба қаржыландыру барысында, оның ішінде газ өңдеу зауыты (446 млрд теңге), метанол газ-химия кешені (79 млрд теңге), Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту (436 млрд теңге) және т.б. жобалар.

Осы саладан Инвестициялық платформада сомасы 39,7 трлн теңге болатын 100 әлеуетті жобалар енгізілген. Мысалы, жасыл сутегі өндіретін зауыт салу (3,6 трлн теңге), мұнай өңдеу зауытын өндірістік қуаттылығын кеңейту (2,5 трлн теңге), Семей қаласының жылу электр орталығы (714 млрд теңге) секілді жобалар.

Агроөнеркәсіп кешені саласында 415,9 млрд теңгеге 69 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, көкөніс жылыжай кешені (69 млрд теңге), бройлер тауық етін өндіру (24 млрд теңге), алма шырыны концентратын, жеміс-көкөніс езбесін өңдеу және қаптау (9 млрд теңге) зауыттары және т.б.

Осыдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігімен айқындалған басымдықтарға сәйкес, майлы дақылдарды қайта өңдеу, астықты терең өңдеу, ет, сүт, тері мен жүнді қайта өңдеу сияқты секторлар бойынша 2,3 трлн теңгеге 208 жоба  бойынша іріктеу жұмысы жүргізілетін болады.

Маңызды жобалардың қатарында – Atameken-Agro май экстракция өңдеу (41 млрд теңге), Qostanai астық өңдеу (50 млрд теңге) зауыттары, Nurym Group ет комбинаты (17,6 млрд теңге), Seven Rivers сүтті қайта өңдеу (7,4 млрд теңге), тері мен жүнді қайта өңдеу цехы (5,4 млрд теңге) жобалары бар.

Осылайша, экономиканы әртараптандыру мақсатында Инвестициялық холдинг жобаларды қарастыру мен қаржыландыру жұмыстарын жалғасатын болады.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар