- Холдинг туралы
Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы өз жұмысын бастайды. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің екі еншілес ұйымы - Бәйтерек девелопмент және тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры Қазақстандық ипотекалық компанияның құрамына енді, осылайша холдингтің тұрғын үй блогын оңтайландыруды аяқтады.
Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40% - ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32% - ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқару буынына қысқартылатын болады.
Арнайы дайындалған инфографикада біз сізге Бірыңғай оператордың функцияларымен танысуды ұсынамыз.