30.04.2021

Құрылысты цифрландыру. «Нұрлы жер» Ахуалдық орталығы қалай жұмыс істейді

Құрылысты цифрландыру. «Нұрлы жер» Ахуалдық орталығы қалай жұмыс істейді

Ахуалдық орталық - бұл заманауи техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық тұрғын үй объектілеріне толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Оны 2018 жылы «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (ол кезде – «Бәйтерек девелопмент» АҚ) Сәтбаев университетінің еншілес кәсіпорны болып табылатын «Цифрлық техника және технологиялар институты» АҚ-мен бірге құрды.

Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) порталдағы жеке кабинеттер арқылы өңірлерде жылжымайтын тұрғын үй объектілерін салу барысы, дайын тұрғын үйді қаржыландыру және өткізу көлемі туралы өзекті ақпаратты орналастырады. Бұл ақпарат интерактивті ахуалдық орталықта нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Бүгінгі күні ахуалдық орталық дерегінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ҚТК қызметі бойынша барлық қажетті ақпаратты көрсететін 50-ден астам интерактивті виджеттер әзірленді. Сонымен қатар, жүйеге түрлі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 2 800-ден астам объектіні іске асыру туралы ақпарат енгізілді.

Ахуалдық орталық қандай ақпаратты көрсететіні және оның қандай пайда әкелетіні туралы ақпаратты біздің арнайы инфографикадан қараңыз.

Барлық жарияланымдар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар