01.04.2025 10:17:20
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2015 жылғы 21 қаңтарда Холдинг «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ еншілес ұйымымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражатынан ақша беру туралы қарыз шартын мынадай негізгі талаптар негізінде жасады:
1. Кредит сомасы – 92 500 000 000 (тоқсан екі миллиард бес жүз миллион) теңге. Кредит транштармен беріледі;
2. Кредит мерзімі – 30 жылға дейін;
3. Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,15 % (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4. Кредит валютасы – теңге;
5. Кредиттің нысаналы мақсаты – кейіннен жалға беру үшін тұрғын үйді салу және сатып алу;
6. Негізгі борышты төлеу – кредит мерзімінің соңында, Қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеу құқығымен;
7. Сыйақы төлеу. Сыйақы төлеудің алғашқы мерзімі – 2015 жылғы «21» шілде, кейінгі сыйақыларды төлеу: бірінші төлем уақытынан бастап жарты жылдық төлемдермен.
8. қамтамасыз ету – қамтамасыз етілмейді;
9. Шартты жасасу туралы шешім қабылданған күн: 2014 жылғы 29 желтоқсан (Холдингтің Директорлар кеңесі сыртқы отырысының № 10/14 шешімі).