20.02.2025 16:06:34
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төмендегі басты талаптар негізінде кредиттік шарт жасады:
1) кредит сомасы – 100 (жүз) миллиард теңге;
2) кредит мерзімі – 2034 жылғы «5» сәуірге дейін 20 жыл;
3) сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,15 % (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4) кредит валютасы – теңге;
5) кредиттің мақсатты пайдалануы – өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инвестияларына кейіннен кредит беру үшін қарыз алушы арқылы қаражатты екінші деңгейдегі банктерде келісіп орналастыру;
6) негізгі борышты өтеу – кредит мерзімі соңында;
7) Сыйақы төлеу. Сыйақы төлеудің бірінші мерзімі: 2014 жылғы «5» қазан. Сыйақының кейінгі төлемдері: Шарттың осы тармақшасында қарастырылған төлеудің бірінші күнінен бастап, жартыжылдық төлемдер арқылы.
8) қамтамасыз ету – қамтамасыз етілмеген;
9) қарыз алушының бастамасымен мерзімнен бұрын өтеуге шектеу (мораторий) – кредитті беру күнінен бастап 20 (жиырма) жыл;
10) шартты жасау туралы шешімді қабылдау күні: 2014 жылғы 10 сәуір («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысының №03/14 шемімінің үзіндісі).