24.07.2024 13:35:04
- Холдинг туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2014 жылғы 11 сәуірде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациялары бірінші шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырды.
1. Облигациялар түрі –купондық облигациялар қамтамасыз етуінсіз.
2. Шығарылатын облигациялар саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі: 1) шығарылатын облигациялар саны – 100 000 000 (жүз миллион) дана; 2) Номиналдық құны бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі – 100 000 000 000, 00 (жүз миллиард) теңге.
3. Бір облигацияның номиналдық құны – 1 000 (бір мың) теңге.
4. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі – KZ2C0Y20E676.
5. Облигацияларды орналастыруды бастау күні және айналымды бастау күні: облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күнінен кейінгі келесі жұмыс күні. Облигациялар айналымының мерзімі облигациялардың айналымын бастау күнінен бастап 20 жылды құрайды.
6. Облигацияларды орналастыру тәсілі: заңнамаға сәйкес жазылу арқылы айналымның барлық мерзімі ішінде; облигациялар акцияларға айналдырылмайды; эмитент облигацияларды өздігінше орналастырады.
7. Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі облигациялар айналымының барлық мерзімі ішінде тиянақты болып табылады және облигациялардың номиналдық құнының жылдық 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызын) құрайды. Сыйақы төлемі жылына 360 күн және сәйкесінше айына 30 күн уақытша базасы есебінен жылына екі рет, жыл сайын өтеу күніне дейін, облигацияларды орналастыру күнінен бастап әр 6 ай сайын жүргізіледі.
8. Облигациялар оларды өтеу күнінде төлемді жүзеге асыру үшін кезеңнің соңғы күні жағдайы бойынша облигациялар реестрінде тіркелген облигациялар ұстаушылардың ағымдағы шоттарына облигацияларды өтеу күнінен бастап айналым кезеңі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ақшаны аудару арқылы сыйақы төлемінің бір жолғы төлемімен бірге теңгемен облигациялардың номиналдық құны бойынша өтеледі.
9. 2024 жылдан бастап Директорлар кеңесінің шешімен эмитент облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығына ие. Бұл ретте, мерзімнен бұрын толық өтеу күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде эмитент облигацияларды ұстаушыларға тиісті хабарлама жолдау арқылы облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу туралы ақпаратты олардың назарларына жеткізеді. Облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу күніне есептелген купондық сыйақыны төлей отырып, бір мезгілде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу жүзеге асырылады.
10. Орналастыру туралы шешім қабылдау күні: («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы шешімінен үзінді №03/14).