30.01.2025 16:00:02
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2015 жылғы 30 наурызда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ» АҚ-мен мынадай негізгі талаптарда қарыз шартын жасады:
1. Кредит сомасы – 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ активтерінің жалпы құнынан 8,1%);
2. Кредит мерзімі – 20 жылға дейін;
3. Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,15 % (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4. Кредит валютасы – теңге;
5. Кредитті мақсатты пайдалану – отандық автоөндірушілер, тікұшақтар мен жолаушылар вагондарын өндірушілері үшін лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы қаржыландыруды ұсыну, экспорттық және экспорт алды кредиттеу;
6. Негізгі борышты төлеу – кредиттің мерзімі соңында, Қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеу құқығы болады;
7. Сыйақы төлеу. Сыйақы төлеудің алғашқы мерзімі – 2015 жылғы «5» қыркүйек, сыйақының кейінгі төлемдері: алғашқы төлем күнінен бастап жартыжылдық төлемдермен.
8. Қамтамасыз ету – қамтамасыз етілмеген;
9. Шартты жасау туралы шешімді қабылдау күн: 2015 жылғы 12 наурыз («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысының № 03/15 шешімі).