01.04.2025 10:17:20
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2014 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 23 қаңтардан бастап 2014 жылғы 22 шілдеге дейінгі кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітті.
1. Есептің тіркелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
2. Есепті кезең ішінде түрлері бойынша орналастырылған акциялар саны: жай акциялардың 20 000 000 (жиырма миллион) данасы орналастырылды, 2014 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 683.102.010 (алты жүз сексен үш миллион жүз екі мың он) жай акция орналастырылды.
3. Ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZ1C59460010
4. Орналастыру күні – 2014 жылғы 23 қаңтардан бастап 2014 жылғы 22 шілдеге дейін.
5. Орналастыру туралы шешімді қабылдау күні және саны: 20.03.2014 ж. – 20 330 779 (Қоғамның Директорлар кеңесі сырттай отырысының №2/14 шешімінен үзінді (6-шы мәселе)).
6. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер: акцияларға дивидендтер есептелмеді және төленбеді. Дивидендтерді уақытылы төлеу бойынша қарыздар жоқ.