Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

01.04.2024 15:58:45

Холдинг өзінің (KZ2C00007383, BTRKb7) облигациялары бойынша алтыншы купонды төледі

01.03.2022

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациялары ұстаушылардың жалпы жиналысының сырттай отырысының қорытындысы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациялары ұстаушылардың жалпы жиналысының сырттай отырысының қорытындысы

Өткен күні: 2022 жылғы 28 ақпан

Жеткізу орны: Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55а ғимарат

Дауыс беру бюллетенінің берілген күні: 2022 жылғы 25 ақпан

Сырттай отырыс үшін дауыстарды санау күні: 2022 жылғы 28 ақпан

Ұстаушылар саны:

Ұстаушылар

 

Облигациялар саны, дана

Үлес, %

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 11 маусымдағы № 299 шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

23 000 000

100

2

38 095 125

100

3

15 000 000

100

4

202 000 000

100

     

Күн тәртібі:

Жиналыс «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 26 қаңтардағы шешіміне (№ 04/22 хаттама) сәйкес келесі күн тәртібімен шақырылды:

1) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы;

2) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы;

3) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың үшінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы;

4) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының бесінші шығарылымының проспектісіне өзгеріс енгізу туралы.

Шешімдер:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымының проспектісіне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Проспектінің 3 тармағының 13) тармақшасы бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын тұрғын үй объектілерінің және сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ қарыз мерзімінің соңына дейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыз беру.».

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Проспектінің 3 тармағының 13) тармақшасы бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын тұрғын үй объектілерінің және сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ қарыз мерзімінің соңына дейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыз беру.».

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың үшінші шығарылымының проспектісіне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Проспектінің 3 тармағының 13) тармақшасы бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын тұрғын үй объектілерінің және сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ қарыз мерзімінің соңына дейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы мақсатында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ қарыз беру.».

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бесінші облигациялар шығарылымының проспектісіне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Проспектінің 51 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«180 000 000 000 (бір жүз сексен миллиард) теңге «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ тұрғын үй салуға және/немесе сатып алуға, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй салу және/немесе сатып алу мақсаттары үшін шығарылатын борыштық бағалы қағаздарын сатып алуға берілсін.

2017 жылдан бастап 17,4 миллиард теңге мөлшеріндегі келісімшартсыз қаражат, сондай-ақ тұрғын үйді сатудан қайтарылатын қаражат айналымдылықты қамтамасыз ете отырып, 19 жыл ішінде «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ нарық жағдайларында тұрғын үй салу және/немесе сатып алу мақсаттары үшін шығарылатын қаражатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражатты тарту құқығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының борыштық бағалы қағаздарын сатып алуға жіберіледі.

Араластыру параметрлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің шешімімен айқындалады.

2018 жылдан бастап тұрғын үйді сатудан түскен қайтарылатын қаражат «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ арқылы Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органының уәкілетті ұйымына 20 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз беру жолымен қайта қаржыландырылады.».

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар