19.12.2024
- Холдинг туралы
Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.
Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті.
Осылайша, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін Холдинг өзінің «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» екі еншілес компаниясын үшінші – «Қазақстан ипотекалық компаниясына» біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.
Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:
1) әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
2) үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;
3) жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;
4) әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;
5) инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;
6) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
7) уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;
8) қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.
Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты.
«Бәйтерек»« ұттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі»
8 (7172) 919205