Қазақстанның даму банкі

Қазақстанның Даму Банкі айтарлықтай оң әлеуметтік-экономикалық әсері бар өндірістік және инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың және экспорттық операциялардың ұзақ мерзімді кредитін ұсынады.

Банк миссиясы

Елдің шикізат емес секторына инвестицияларды жүзеге асыру жолымен ұлттық экономиканың орнықты дамуына жәрдемдесу.

Мақсаттары

  • мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру;
  • өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту;
  • ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

https://www.kdb.kz/kz/

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Компания «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылы 6 қыркүйекте құрылды.

Компанияның мақсаты:

Лизинг, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, өндірістік инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, жетілдіру және тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу.

Компанияның миссиясы:

Өнеркәсіп және инфрақұрылым секторларындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарын жаңғыртуға және жаңартуға жәрдемдесу.

«ӨДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы сияқты мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың негізгі операторларының бірі бола отырып, өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы сияқты экономиканың мемлекет үшін басым секторларында орта және ұзақ мерзімді қаржы лизингі қызметтерін ұсынады.

https://idfrk.kz/kz/

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ - ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін құрылған private equity қорлар қоры. Қызметі Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-де Инновациялық білім мен технологиялар трансфертіне бағытталған.

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ халықаралық институционалды инвесторлармен бірлесіп, private equity қорларын тиімді басқарады. QIC қорлары экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға әрі қарай өсу және бәсекелестікті арттыру мақсатында капитал ұсынады.

Миссиясы

Тұрақты және тиімді басқарылатын компаниялар құра алатын, пайданың тұрақты деңгейін алатын және экономиканың өсуі мен жаңғыртылуына жәрдемдесетін мықты командаларға инвестициялау жолымен Қазақстанда ТИ экожүйесін дамытуда жетекші рөлге ие болу.

https://qic.kz/

Соңғы
жаңалықтар
іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар