- Холдинг туралы
Компания тікелей кредит беру арқылы АӨК субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырады, сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар, екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы көбінесе шағын және орта бизнесті қаржыландырады немесе бірлесе қаржыландырады.
Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 19 филиалы бар.
АНК миссиясы – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға жәрдемдесу.
2021 жылғы желтоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ны қосу шеңберінде оған АӨК сақтандыру саласындағы оператор, микробизнеске кредит беру функциялары берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг 2022 жылғы 25 шілдеде «ҚазАгроҚаржы» АҚ акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға берді.
Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін компания ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке сатып алу бойынша қызметтер көрсетеді.
Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 15 филиалы бар.
Сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу.
Егіс науқаны кезінде шаруаларға көмек қолын созудың маңызы зор