Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
Бүгін «Бәйтерек» холдингінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың қатысуымен өтті.
Отырыс барысында Қанат Шарлапаев Кеңес мүшелерін Холдингтің өткен жылғы қызметінің қорытындылары туралы айтты және 2022 жылға арналған стратегиялық міндеттерді атап өтті.
Оның айтуынша, өткен жылы «Бәйтерек» холдингі қызметінің барлық бағыттары бойынша айтарлықтай қолдау көрсетті. Қаржылық көрсеткіштерге келетін болсақ, активтер 9,9 трлн теңгені, ал таза пайда – 110,9 млрд теңгені құрады.
«Бәйтерек» холдингінде сәтті жүргізілген реформалардың бірі – құрылымын оңтайландыру. Егер 2019 жылы «Бәйтерек» холдингінде 14 еншілес ұйым болса (оның ішінде «ҚазАгро» АҚ құрамына кірген құрылымдар бар), өткен жылы олардың саны сегізге қысқарды. Биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарамағына өтеді.
Сонымен қатар, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков Кеңес мүшелеріне банк қызметін реформалау барысы жайлы айтып берді. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары шеңберінде жеті тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол ҚДБ-ға жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Реформалау шеңберінде ҚДБ жоғары және орта деңгей өңделетін шикізаттық емес өнімдер өндірісін жеңілдікпен қаржыландыруға баса назар аударатын болады. Бұдан басқа, ҚДБ өнімдеріне қолжетімділік кеңейтіліп, қызметтер көрсету жеделдейді.
Сондай-ақ, өтініші негізінде Әнуар Үшбаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Оның орнына Қоғамдық кеңес мүшесі болып Марлен Баймағамбетов сайланды.
Өз кезегінде, Қоғамдық кеңестің мүшесі, құрылыс компаниясының директоры Тимур Нұртаев бизнесмендердің проблемалы мәселелерін талқылау үшін бұл алаң маңызды екенін атап өтті.
Соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Елена Тарасенко «Бәйтерек» холдингі ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Кеңес мүшелері бизнесті дамыту және қолжетімді тұрғын үй сатып алу бағытындағы Холдингтің құралдары туралы қазақстандықтарды ақпараттандыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.