Қазақстанның дамуына бағытталған КӘСІПҚОЙЛАР
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) ашықтықты одан әрі нығайту және қоғаммен диалогты кеңейту мақсатында Қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) сегізінші отырысын өткізді. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Холдинг жүзеге асырып жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бастамалар қаралды.
Қоғамдық кеңес ұсынылған ақпаратты назарға алды, қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын және оларды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Кеңес мүшелері талқылауға белсенді қатысып, өзекті мәселелерді көтеріп, Холдинг жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында қосымша жұмыс мәселелері қаралды, оның ішінде Қоғамдық кеңестер төрағаларының Үйлестіру кеңесінің отырысы қорытындылары туралы ақпарат, сондай-ақ Кеңес жұмысына белсенді қатысқан мүшелерді ынталандыру мәселелері талқыланды.