Кеңес ал!

15.05.2025

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңесінің алтыншы отырысы өтті

Ашықтықты, есептілікті арттыру және мүдделі тараптармен диалогты нығайту мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Қоғамдық кеңестің алтыншы отырысын өткізді.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) өкілдері, сондай-ақ Холдингтің басшылығы мен қызметкерлері шақырылды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Банктің қызметі туралы ақпаратты тыңдады, оның шеңберінде Банктің 2023 және 2024 жылдардағы қаржылық қызметінің қорытындылары, дамудың стратегиялық бағыттары, 2024 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.

Холдинг өз кезегінде 2024 жылғы өз қызметінің алдын ала қорытындыларын таныстырып, 2025 жылға арналған стратегиялық міндеттерді белгіледі. Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер, стратегиялық бағыттар бойынша нәтижелер жарияланды, сондай-ақ 2033 жылға дейінгі стратегиялық ҚНК-ны қамтитын Холдингтің 2024-2033 жылдарға арналған өзекті даму жоспары ұсынылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылауға белсенді қатысып, өзекті сұрақтар қойып, Холдинг қызметінің тиімділігі мен ашықтығын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдарды айтты.

Көбірек көрсет

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар