- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдинг Қазақстан қор биржасының (KASE) 2025 жылғы ақпанда өткен жыл сайынғы марапаттау рәсімінде «ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы» және «Эмиссиялық белсенділігі үшін» номинациялары бойынша марапаттарға ие болды. Кәсіби қоғамдастықтың мойындауы Холдингтің нарықтағы белсенді қатысуын, оның тұрақты ұстанымдарын, табысты стратегиясын және институционалдық инвесторлар мен серіктестер тарапынан жоғары сенім деңгейін растайды.
Алғашқы әлеуметтік облигациялар шығарылымы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өзінің алғашқы әлеуметтік облигацияларын 2024 жылғы желтоқсанда KASE алаңында 100 млрд теңге көлемінде орналастырды. Қаражат «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Жоба фермерлерге жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді және ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.
Мемлекеттік емес тұрақты даму облигацияларын шығару жөніндегі шеңберлік бағдарлама
2024 жылғы 7 қарашада Холдинг Басқармасының шешімімен (№ 58/24 хаттама) Халықаралық капитал нарығы қауымдастығының (ICMA) Жасыл облигациялар қағидаттарын (GBP), Әлеуметтік облигациялар қағидаттарын (SBP) және Тұрақты облигациялар жөніндегі басшылық қағидаттарын (SBG) ескере отырып әзірленген Мемлекеттік емес тұрақты даму облигацияларын шығару жөніндегі шеңберлік бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобаларды іріктеуге, тартылған қаражатты басқаруға, ақпаратты ашуға және есептілікке қатысты тәсілдерді айқындайды.
Бағдарлама шеңберінде келесі облигацияларды шығару көзделген:
2024 жылы AIFC Green Finance Centre Ltd. Шеңберлік бағдарламаға «Өте жақсы» деген баға беріп, оның ICMA халықаралық стандарттарына және жобаларды іріктеу мен басқару процестерінің жоғары сапасына сәйкестігін растады.
Екінші тараптың пікірі форматындағы сыртқы бағалау (құжат)