- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдинг өз қызметінің сипатына байланысты қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Холдинг тұтынатын негізгі ресурстар электр энергиясы, жылу энергиясы және су болып табылады.
Холдинг қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуды барынша қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен әдістерін қолданады.
Холдинг өз қызметінде энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу, суды тұтынуды азайту, электрондық құжат айналымы жүйесін және екіжақты басып шығару практикасын енгізу есебінен кеңсе қажеттіліктері үшін қағаз шығынын азайту арқылы ресурстарды артық тұтынуды азайтуға және қолданыстағы теріс экологиялық әсерді азайтуға тырысады.
Холдингте “Жасыл кеңсе" тұжырымдамасы бекітілді, онда "жасыл кеңсе" мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары, сондай-ақ кеңсені жасылдандыру тәсілдері мен болжамды іс-шаралар қамтылған.
“Жасыл кеңсе” тұжырымдамасын қалыптастыру мақсаттары:
Холдингтің “жасыл кеңсе” тұжырымдамасының принциптері үш R – Reduce (Қысқарту), Reuse (қайта пайдалану), Recycle (Қайта өңдеу) ережелеріне негізделген:
Холдингтің "жасыл кеңсе" тұжырымдамасын жүктеп алу
Smart Plastic Zone алтын белгісін алу
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пластикті пайдалануды азайту және экологиялық мәдениетті дамыту бойынша тұрақты тәжірибелерді енгізгені үшін ең жоғары санаттағы «Алтын» белгісін алып, Smart Plastic Zone экологиялық жобасына қатысушы болды. Бұл бастама Coca-Cola және GreenUrban қауымдастығының қолдауымен іске асырылуда. Жобаға қатысу Холдингтің экологиялық жауапкершілігінің жоғары деңгейін растады.
«Жасыл» бастамалар
Холдинг жыл сайын «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.
2025 жылы СТ РК ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015) «Экологиялық менеджмент жүйелері» сертификаты расталды.
2024 жылы қайта өңдеуге 784,5 кг макулатура тапсырылды.
2023 жылы экологиялық материалдардан жасалған кеңсе қаламдары сатып алынды.
Бизнес-орталықтың 1-қабатына қайырымдылық қорларына және аз қамтылған отбасыларға беру үшін заттарға арналған жәшік орнатылды.
Алюминий банкалар мен пластик бөтелкелерді қабылдайтын фандомат орнатылды.
Қаңғыбас жануарларға арналған баспанаға беру үшін жемге арналған жәшік орнатылды.
Холдинг тұрақты негізде үгіт-насихат сипатындағы іс-шараларды да жүзеге асырады, олардың ішінде:
Холдинг қабаттарында ресурстарды үнемдеуге арналған үгіт-насихат тақтайшалары орналастырылған. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған.
Холдинг тобының бизнес-орталығы ресурстарға ұқыпты қарау технологияларын ескере отырып салынған. Жұмыс, авариялық және жөндеу жарықтандыру жүйелері көзделген. Люминесцентті жарықтандыру көздері пайдаланылады. Қасбеттің витражды әйнектелуі электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электр энергиясын үнемдеу үшін уақытша тұрақ орындарында қозғалыс датчиктері орнатылған.