- Холдинг туралы
Паспорт (негізгі параметрлер)
Атауы |
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Тұжырымдаманы әзірлеу үшін негіздемелер |
"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 Жарлығы; "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы; "Amanat" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы. |
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі; Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі; облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері; ҰКП (келісу бойынша); "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша); "ҚТК"АҚ (келісу бойынша); "Отбасы банк" АҚ (келісу бойынша); "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ (келісу бойынша); "ҚазҚСҒЗИ" АҚ (келісу бойынша); "Мемқұрылыскадастры" РМК (келісу бойынша); "Мемсараптама" РМК (келісу бойынша) |
Іске асыру мерзімдері |
2023 – 2029 жылдар |
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ақпарат
2023 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша орындалуы |
«ҚТК» АҚ жалпы ауданы 469 мың ш.м. үлестік құрылыс объектілері бойынша 135,7 млрд. теңге сомасына 38 жобаға кепілдік берді, бұл 5 678 үлескердің салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. |
«ҚТК» АҚ ҚР бойынша 100,7 млрд. теңгеге кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алды. |
«ҚТК» АҚ жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін кейіннен сатып алу құқығымен 285 пәтерді жалға берді. |
«ҚТК» АҚ 9,8 млрд. теңге сомасына жеке құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады, жобалар құны 17,5 млрд. теңге (1 220 пәтер). |
«Отбасы банк» АҚ жалдау төлемдерін субсидиялау тетігі шеңберінде 12 628 жалдау шартын жасасты, олар бойынша тұрғын үй заңнамасында айқындалған әлеуметтік осал топ азаматтарының жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері төленеді. |
«Отбасы банк» АҚ 13.06.2023 ж. www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жалға берушілер базасы бар модульді әзірлеп, іске қосты, ол арқылы әлеуметтік осал топ азаматтарына субсидиялар тағайындауға өтінімдер беріліп, қарастырылады. |
«Отбасы банк» АҚ тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал топ азаматтарына мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде, 63,75 млрд теңге сомасына 2% және 5% жеңілдетілген мөлшерлемелермен 5 978 қарыз берді. |
«Отбасы банк» АҚ жеңілдетілген ипотекалық қарыздар беру бойынша, оның ішінде жас азаматтар мен моноқалалардың тұрғындарына арналған өңірлік бағдарламаларды іске асырады. 2023 жылдың 10 айында 33,1 млрд. теңгеге 1 991 қарыз берілді. |