«Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы

«Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 қаулысымен бекітілген

Бағдарлама паспорты

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы;

«Қазақстан - 2050» Жолдауы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен бекітілген Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама.
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – Бағдарламаны әзірлеу, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, басқа да орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар – Бағдарламаны іске асыру
Мақсаты Шикізаттық емес экспорт көлемін 2022 жылға қарай 1,5 есе ұлғайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу және экспорттау нарықтарын әртараптандыру*
Нысаналы индикаторлар 1) Қазақстан Республикасының шикізат емес тауарлары мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемі 2022 жылға қарай 31,8 млрд.АҚШ долларына дейін жетеді.

2) Экспорт көлемі 10 млн. АҚШ долларынан асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі басым елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 8,0%-ға дейін жетеді.

3) Экспорт көлемі 10 млн. АҚШ долларынан асатын шикізат емес тауар позицияларының мүдделігі жоғары елдерге экспортының өсімі өткен жылға қарағанда, 2022 жылы 7,7 %-ға дейін жетеді.
Міндеттер 1) Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту.
2) Экспорттаушылар үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
3) Экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою.
4) Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту.
Іске асырылу мерзімі 2018-2022 жылдар
Қаржыландыру көздері мен көлемі Бағдарламаны іске асыруға қаржы шығындары талап етілмейді

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 қаулысымен бекітілген

Барлық бағдарламалар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар
  • Казахстанский центр индустрии и экспорта