19.12.2024
- Холдинг туралы
Басты бет "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" сараптамалық бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдау бойынша "Бәйтерек" холдингінің қызметі туралы репортаж дайындады. Хабар хабарлағандай, " коронавирус пандемиясы жаһандық экономика бойынша елеулі соққы алып, дағдарыстың әсерін барынша азайту үшін әрбір мемлекет өз шараларын қолға алуда. Халықты әлеуметтік қолдау пакетін қабылдай отырып, Қазақстан көптеген басқа елдер сияқты бизнеске көмек көрсетуге баса назар аударды. Мұнда негізгі оператор "Бәйтерек"холдингі болды.
- "Бәйтерек" холдингі жеті жыл бұрын - 2013 жылдың мамыр айында құрылды. Осы жылдан бастап біз еншілес компаниялар арқылы түрлі кәсіпорындар үшін жан-жақты кешенді қолдау көрсетеміз. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша көшбасшы "Даму"кәсіпкерлікті дамыту қоры болып табылады. Өз қызметінің барлық кезеңінде "Даму" Қоры біздің кәсіпорындарға 5,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетті, - деді "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.
Репортаждың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша қараңыз: