Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

11.10.2024

«Байтерек» холдингі Австрия компанияларымен машина жасау және АӨК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

16.05.2023

Қытайдың супермаркеттерінде қазақстандық өніммен стендтер пайда болады

Қытайдың супермаркеттерінде қазақстандық өніммен стендтер пайда болады
«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және «Ухань Ханьоу»
халықаралық логистикалық компаниясы (Wuhan Asia Europe Logistics Co.)
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Рәсім Сиань қаласында (ҚХР) өткен
Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында өтті.

Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды
бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

«Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы
бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды
дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының
көлемін ұлғайтуға бағытталған», - деді ҚХР-дағы KazakhExport өңірлік директоры
Сергей Салманов.

Меморандумға сәйкес «Ухань Ханьоу» қазақстандық өнімді импорттайды және
оны Хубэй провинциясы мен Қытайдың сауда желілерінде тақырыптық бөлімдер арқылы, қазақ ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып сататын болады. Бұдан басқа, компания қазақстандық тауарлар мен KazakhExport мүмкіндіктерін ел аумағында ілгерілетуде қолдауды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, KazakhExport отандық өндірушілермен байланыс орнатуға және
импорттаушыларды қызықтыратын өнімді іздеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, ұлттық
компания қазақстандық экспорттаушылар үшін қажетті сақтандыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Тараптар қол қою соңында қазақстандық тауарлардың жергілікті тұтынушылар
арасында жоғары сұранысқа ие болатынына сенім білдірді. Ағымдағы күні ҚХР-ға май-
тоңмай өнімдерін, тамақ өнімдерін, макарон өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, сусындар мен басқа да тауарларды жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

KazakhExport сақтандыру қолдауымен іске асырылған экспорттық
келісімшарттардың сомасы 2023 жылдың басынан бастап 53 млрд теңгені құрағанын,
Қытайға ұн мен күнбағыс дәнін жеткізу бойынша 11 импорттаушымен 17 келісімшарт
жасалғанын атап өтеміз.

2019 жылдан бастап KazakhExport-тың Қытайға экспорттайтын отандық
өндірушілерге қолдау көрсету көлемі 478 млн теңгеден асты. KazakhExport сақтандыру
қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа май-тоңмай өнімдерін,
ұн, шырын, сусындар, ірі қара мал етін және т.б. жеткізеді.

«Ухань Ханьоу» - «Han Xin Ou» халықаралық маршруттық пойыздарына арналған
ҚХР мемлекеттік теміржол жүк платформасы болып табылады. Компанияның Хубэй
провинциясының ондаған қалаларында заманауи әмбебап дүкендері, сауда орталықтары, супермаркеттері бар, Қытайға импорттау бағытында меншік көлік логистикасы және кең дистрибьютерлік желісі бар. Компанияны Ухань Үкіметі субсидиялайды және «Бір белдеу – бір жол» саясатының мүшесі болып табылады.


Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы KazakhExport және Wuhan Asia Europe
Logistics Co ынтымақтастығы аясында Ухань қаласында қазақ ұлттық стилінде
безендірілген алғашқы тақырыптық бөлім ашылды. Алайда пандемияға байланысты
ынтымақтастық тоқтатылды.

* «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жалғыз акционері –
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
photo_2023-05-16_12-21-26.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар