Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

16.07.2024 16:53:00

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

24.02.2020

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдай бастады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдай бастады

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде болашақ баспаналарына қаражат жинап жүрген және тұрғын үй төлемдерін алатын 3000 қазақстандық әскерилер мен арнайы орган қызметкерлеріне СМС-хабарлама жіберілді. Онда «Әскери өнім» бағдарламасының келесі кезеңінің басталу мерзімі мен өтінім беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қашан хабарласу керектігі жайында ақпарат көрсетілген.

 

2020 жылы «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру мақсатында 60 млрд теңге бөлінді. Банк әрбір клиент үшін уақыттың қымбат екендігін жақсы біледі. Осыған орай, Бағдарлама бойынша займ алатын үміткерлер тізімін тұрғын үй төлемдерін алушылардың жинаған сомасына және де өтінімді беру мерзіміне сай құрды.

 

Бұл тізімге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орташа несие сомасының - Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша 25 млн.теңге, ал қалған аймақтар бойынша 15 млн.теңге - 10%-49%-ын жинаған үміткерлер кіреді.

 

Жалпы алғанда тізімге шамамен 3 мың адам алынды. Ең алдымен 49% көлемінде қаражат жинағандар, ал одан кейін қаражат көлеміне сай ең көбінен ең төменгісіне дейінгі салымы бар үміткерлер іріктелді. Тізімнің басында тұрған азаматтар қазірдің өзінде несие алу үшін өтінім бере алады. СМС-хабарламада олардың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қай мерзім ішінде бару керектігі көрсетілген. Ал, мерзімі кейінге қалдырылған үміткерлерге банк белгіленген уақытқа дейін бір ай қалғанда қосымша хабарлама жібереді. Бұл ақпаратты үміткер, сондай-ақ, интернет-банкингтегі Жеке кабинетінде де қарай алады.

 

Әскери қызметкерлердің өз уақытын дұрыс жоспарлап, қажетті құжаттарды дайындап үлгеруі үшін, әрбір үміткерге несие өтінімін жолдау мақсатында екі ай көлемінде уақыт беріледі. Мәселен, егер өтінім беру мерзімі ретінде сәуір айы көрсетілсе, онда үміткер несие алу үшін өтінімін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 29 мамырына дейін тапсыра алады.

 

«Әскери өнім» бағдарламасы бойынша займ алу шарттары өзгертілмеді. Займ жаңа немесе қолданыстағы үйден пәтер алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша беріледі. Бағдарлама талаптарына сай, бастапқы жарна мөлшері 15%-ды, займ бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8%-ды, ал несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейінгі уақытты құрайды.

 

Қажетті займ сомасының 50%-на дейінгі мөлшерде қаражат салу мүмкіндігі бар әскери қызметкерлер өздері қалаған уақыт ішінде жылдық 6% мөлшерлемемен займ ала алады! Займның бұл түрін банк белгілеген тізімненнен тыс тұрғын үй төлемдерін алатын барлық салымшылар рәсімдей алады.

 

Аталған өнімге деген сұраныс пен әскери қызметкерлердің өтінімдеріне байланысты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы жылы аталған Бағдарламаны кеңейту мүмкіндігін қарастыруға дайын.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, оның ішінде, әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін қолжетімді тұрғын үй ұсынысын арттыру мақсатында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

  • Өтеу мерзімі – 2 жыл;

  • Купондық пайыз – 0,35% (жылына 2 рет төлеумен).

Инвестициялық жобаларды шартталған қаржыландыру «Бәйтерек Девелопмент» АҚ жобаны жүзеге асыру үшін жеке әріптестікке қарызды кейінгі ұсыну мақсатында екінші деңгейдегі банктерде шартталған салымды орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

1 механизм: Құрылыс аяқталғаннан және объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін жеке әріптес «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на орналастырылған шартталған салым сомасына объектідегі тұрғын үй-жайларды «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына тұрғын үйді бұдан әрі сату мақсатында ұсынады.

  • Екінші деңгейдегі банктерге арналған сыйақы мөлшерлемесі – 1%;

  • Жеке әріптеске арналған сыйақы мөлшерлемесі – 5%;

  • Орналастыру мерзімі – 2 жылдан артық емес;

  • Жобаларды жүзеге асыру орны – Алматы, Астана қалалары және олардың қала аймақтары.

2 механизм: Шартталған салым мерзімінің аяқталуынан кейін екінші деңгейдегі банк «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на есептелген сыйақымен бірге, шартталған салым сомасын қайтарады, ал жеке әріптес объектідегі тұрғын үй-жайларды өз бетімен сатып, ұсынылған қарыз бойынша банкпен өзара есеп айырысу жүргізеді.

  • Екінші деңгейдегі банктерге арналған сыйықы мөлшерлемесі – ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі минус 1,5%;

  • Жеке әріптеске арналған сыйақы мөлшерлемесі – ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі плюс 3,5%;

  • Орналастыру мерзімі – 2 жылдан артық емес;

  • Жобаларды жүзеге асыру орны – Алматы, Астана қалалары және олардың қала аймақтары.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үй инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыруды мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту есебінен, халықаралық қаржы ұйымының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу, екінші деңгейдегі банктер арқылы шартталған қаржыландыру және тікелей қаржыландыру механизмдері арқылы әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыландыру ұсынады.

 

Әлеуметтік бағыттағы жобаларға білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс, денсаулық сақтау, басқа урбанистік объектілер, сауықтыру және рекреация объектілерін, сондай-ақ, қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының басқа объектілерін салуға байланысты жобалар жатады.

 

Әлеуметті бағыттағы жобаларды қаржыландыру Қоғам теңгерімінен жылжымайтын мүлік объектілерін кепілдендірілген сатып алу шартымен, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаларымен жүзеге асырылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар