03.12.2024
- Холдинг туралы
21 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті депутаттарының «Даму» Қорының басшылығымен есептік кездесуі өтті. Онда «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин құттықтау сөз сөйледі. Талқылаудың негізгі тақырыбы – шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау болды.
Кездесу барысында «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қордың 2023-2024 жылдардағы жұмысы туралы есеп беріп, Стратегиялық даму жоспарларын бөлісті.
Қазір «Даму» Қоры жалпы сомасы 13,2 трлн теңгеге 217 мыңнан астам жобаны қолдады. 2010 жылдан 2023 жылға дейін қолдау алған кәсіпкерлер 104,5 трлн теңгеге өнім шығарды, 211 мың жаңа жұмыс орнын құрды және 7,3 трлн теңгеге салық төледі. Бұл кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген бюджет қаражатынан 7,1 есе көп. Яғни әр теңге 7,1 теңге салық болып қайтатынын көрсетеді», - деді төрайым.
Бұдан басқа, Қор ШОБ-ты одан әрі қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 1 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Қордың бизнес-процестерін цифрландыру деңгейі 100%-ға жетті, бұл клиенттермен жұмыс істеуді жеңілдетеді және барлық операциялардың жариялы жүруіне кепілдік береді.
Кездесу соңында қатысушылар болашақта жүзеге асыру үшін қаралатын шағын және орта бизнесті қолдау құралдарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.