24.05.2024

Рустам Карагойшин Сингапурдағы қолжетімді тұрғын үй нысандарын аралады

Рустам Карагойшин Сингапурдағы қолжетімді тұрғын үй  нысандарын аралады

     2024 жылғы 24 мамырда Сингапурға жұмыс сапары барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Housing & Development Board (HDB) басқаратын қолжетімді тұрғын үй нысандарын аралады. Сапар қолжетімді тұрғын үйді салу және басқару саласындағы үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған.

     Сингапурдың ұлттық даму министрлігінің дербес департаменті болып табылатын Housing & Development Board 1960 жылы құрылды және содан бері Сингапур тұрғындарына сапалы және қолжетімді баспана ұсынумен айналысады. HDB елдегі барлық тұрғын үйлердің 80%-ын салса, ал жеке сектор жоғары деңгейлі тұрғын үй салады.

3.JPG

     Сапар барысында Рустам Карагойшин тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етудегі және тұрақты қала дамуын құрудағы HDB бірегей әдістерін ерекше атап өтті.

     «HDB тәжірибесін зерделеу бізге Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй мәселесін шешудің және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларды іске асырудың жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Холдинг төрағасы.

     HDB-нің негізгі міндеттеріне жаңа ғимараттарды жоспарлау және салу, қолданыстағы ғимараттарды қайта құру, тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау, жер немесе мемлекеттік тұрғын үй сатып алуға кредит беру кіреді. Кеңес сонымен қатар жерді мелиорациялау және ресурстардың ұлттық қорларын басқару жұмыстарына белсенді қатысады.

4.JPG

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар