Кеңес ал!

12.11.2026

Рустам Карагойшин Австрия делегациясымен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесін талқылады

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Астанада Австрияның Экономика, энергетика және туризм федералдық министрлігінің бас хатшысы Северин Грубер бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп әзірлеу мен қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқару тәсілдерін талқылады.

Кездесуге Австрияның Қазақстандағы елшісі Андреа Бахер, Австрияның Österreichische Beteiligungs AG (ÖBAG) мемлекеттік холдингінің басшысы Эдит Лавати, OMV компаниясы мен Австрия поштасының өкілдері қатысты. «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобының атынан кездесуге Қазақстанның Даму Банкі мен Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басшылары келді.

Тараптар Қазақстанның даму институттары мен австриялық компаниялардың инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеуге қатысу мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстандағы жобаларға жабдық жеткізу және қызмет көрсету кезінде қолдануға болатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері мен Австрия экспортын қолдау құралдары талқыланды.

Холдинг үшін австриялық компаниялардың жобаны әзірлеу кезеңінен бастап қатысуы маңызды. Бұл кезеңде тапсырыс беруші жабдыққа қойылатын талаптарды айқындап, оны жеткізу және оған қызмет көрсету құнын бағалайды.

«Біз австриялық компаниялардың нақты ұсыныстарын даму институттарымызбен бірлесіп қарауға дайынбыз. Әр жоба бойынша серіктестердің не ұсына алатынын, жұмыстың қай бөлігін Қазақстанда атқаруға болатынын және қандай қаржыландыру көздері қолжетімді екенін анықтау маңызды. Осылайша жобаны әзірлеу кезеңінде-ақ оны қандай шарттармен іске асыруға болатынын бағалай аламыз», – деді Холдинг басшысы.

Кездесуге қатысушылар «Бәйтерек» холдингі мен ÖBAG мысалында мемлекеттің акционер ретіндегі рөлін бөлек талқылады. Тараптар холдингтердің стратегиялық міндеттерін айқындау, олардың жұмысын бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде экономикалық саясаттың басымдықтарын ескеру жөнінде тәжірибе алмасты.

Инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесі бұған дейін даму институттары деңгейінде де талқыланған. 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстанның Даму Банкі Австрияның қаржы және өнеркәсіп компанияларымен кездесу өткізді. Кездесуде экспорттық қаржыландыру мүмкіндіктері және жаңа жобаларға арналған бірлескен құралдарды әзірлеу мәселесі қаралды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар