15.09.2021

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, сондай-ақ Жамбыл және Ақмола облыстарының әкімдіктерінің инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

 Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экология, геология, балық, орман және су шаруашылығы салаларында ЭГТРМ негізгі капиталға тартатын инвестициялардың 2021-2025 жылдарға арналған нысаналы көлемі 2,5 трлн теңгені құрайтынын мәлім етті.

Фото 2.jpg

Инвестициялық жобалар пулына Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Алматы қалаларында «Waste to Energy» қоқыс жағатын зауыттарын салу, жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту, сумен қамтамасыз етудің тұйық цикліндегі балық өсіру шаруашылықтарын, тоған және шарбақты балық өсіру шаруашылықтарын дамыту, Каспий теңізінде балық аулауды ұйымдастыру, құрама жем, артемия цисталарын өңдеу зауыттарын салу және т. б. кіреді.

Орман қорында экологиялық туризмді дамыту мақсатында Іле Алатауы, Шарын, «Көлсай көлдері», «Алтын Емел» және т. б. мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жобалар іске асырылады. Су шаруашылығы саласында Жамбыл облысындағы Тасөткел магистралды каналын, Үлкен Алматы каналын, Алматы облысының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту, Түркістан облысындағы Өгем өзенінде СЭС каскады бар су тартқыш салу жоспарланып отыр.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қоржынында жалпы сомасы 7,1 трлн теңгеге 61 инвестициялық жоба және 16 экспорт алдындағы операция бар екенін айтты.

Осы жылдың 6 айында ҚДБ жаңартылатын энергетика, автомобиль жасау, ТМК және туризм салаларында 47 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны және 67,9 млрд теңгеге 14 экспорттық операцияны қаржыландырды. Логистика, құрылыс индустриясы, жаңартылатын энергетика, ТМК салаларындағы 4 инвестициялық жоба, сондай-ақ 211 млрд теңге сомасына 2 экспорт алдындағы операция қаржыландыруға мақұлданды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, автобус паркін, жүк вагондарын, коммуналдық және өрт сөндіру техникасын жаңарту, отандық автоөндірушілерді қолдау және т. б. бойынша жалпы сомасы 45,88 млрд теңгеге 198 жоба қаржыландырылды.

АӨК дамыту аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес құрылымдары 2021 жылдың І жартыжылдығында 282,5 млрд теңге сомасына 14 397 қарыз берді. Осы жылдың аяғына дейін секторды барлығы 388,3 млрд теңге көлемінде қаржыландырып, 831 млн теңгеге 373 бірлік кепілдік беру көзделіп отыр.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов «Task Force» арнайы инвестициялық бөлімшесі АӨК, химия және тау-кен металлургиясы өнеркәсібі, фармацевтика, энергетика, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және логистика салаларында $12 млрд астам сомаға 57 жобаны пысықтап жатқанын мәлімдеді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев 2021-2025 жылдарға әкімдік АӨК, химия және тау-кен металлургиясы өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика, құрылыс материалдарын өндіру және т. б. сияқты салаларда жалпы сомасы 2,5 трлн теңгеге 107 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырғанын атап өтті. Биылғы жылдың 8 айында Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 231,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 20,2%-ға артық. Осы жылы негізгі капиталға 421 млрд теңге көлемінде инвестициялар ағынын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов алдағы 5 жылға әкімдік АӨК, құрылыс индустриясы, ТМК, энергетика, машина жасау, туризм, білім беру және т. б. салаларда 1,8 трлн теңге сомасына 330 жобадан тұратын пул құрғанын баяндады. Биыл жалпы сомасы 695,8 млрд теңгеге 108 жоба іске асырыла бастады. Осы жылғы қаңтар-тамыз айларында Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 276,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 10%-ға артық. Биыл негізгі капиталға барлығы 558 млрд теңге көлемінде инвестиция ағынын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органға, өңірлер әкімдіктеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастыруды тапсырды.


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар