18.06.2021

«Отбасы банк» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Отбасы банк» АҚ тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) тәуелсіз директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор

Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесі

Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін Кандидат:

1.1.Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың ұйғарымына сәйкес келуі тиіс.

1.2. Қоғам қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпараттың болуы, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесі мен ұсынудың алдындағы 2 жылдан кем емес кәсіби тәжірибесінің болуы, сондай-ақ мыналарды:

1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;

2) ұлттық және халықаралық нарықтарда бәсекелес ортаны түсінетінін танытуы тиіс.

1.3. Ұсынылған ақпаратты талдай және объективті бағалай білу және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыру. Өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілетіне ие болу.

1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму принциптерін білу.

1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болу. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек директорлар Кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін де қатысу үшін жеткілікті уақыт болуы тиіс.

1.7. Басқа компаниялардың 3 (үштен) артық Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмау.

1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асыру және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар ету.

Директорлар кеңесіне мына тұлға:

1) Банкпен бәсекелесетін заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын тұлға;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) бұрын банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

5) төрт және одан да көп компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға сайлана алмайды.

    Арнайы талаптар:

Қаржы, аудит және бақылау саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қосымша білім/қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/ салық салу/ аудит/ тәуекел менеджменті саласындағы кәсіби сертификаттау.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем болмауы тиіс.

Қаржы қызметтерін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының / холдинг құрылымдарының / мемлекеттік органдардың / халықаралық қаржы ұйымдарының / атқарушы органдарында кемінде 3 жыл басшылық жұмыс өтілі және (немесе) басқару органдарында / атқарушы органдарда / менеджер / серіктес ретінде жұмыс тәжірибесі.

       Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

1. Мотивация («беру» ішкі құндылығы және еріктілікке дайындық)

2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік

3. Түйінді құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу

               Жұмыс шарттары:

  • Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар A.urazova@baiterek.gov.kz email-ға келесі құжаттарды 2021 жылғы 23 маусымға дейін «Отбасы Банк» АҚ тәуелсіз директоры» белгісімен ұсынады:

1) Қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысуға кандидаттың өтініші;

2) Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Қоса беріліп отырған нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар