12.05.2023

Ondeu Expo: шикізаттық емес өнімді экспорттаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары

Ondeu Expo: шикізаттық емес өнімді экспорттаушыларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары
Жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болып табылатын «Қазақстанның
Даму Банкі» АҚ, «KazakhExport» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ
Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік көрме - Ondeu Expo көрмесіне қатысты.
Бұл өңдеуші өнеркәсіп мамандары, мемлекеттік сектор өкілдері мен бейіндік
бизнес-қауымдастықтар кездесетін басты орын. Көрмеде әлемнің 17 елінен
келген 200-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды.

Іс-шара 2023 жылғы 10-12 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан машина
жасаушылар одағының және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясының
қолдауымен өтті.

Көрмеге өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық және халықаралық
компаниялар, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың
өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі мен KazakhExport қолдау
көрсеткен экспорттаушы компаниялар қатысты. Олардың қатарында Hyundai
Trans Kazakhstan, «АГРОМАШХОЛДИНГ KZ» АҚ, СемАз және басқалары
бар.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында «KazakhExport» АҚ Сақтандыру
департаментінің директоры Алмагүл Маженова қатысушыларға шикізаттық
емес өнімдер экспортына бағдарланған кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау
шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін таныстырды.

«KazakhExport» қазақстандық кәсіпкерлерге экспорттық қызметтің кез келген
сатысында қолдау көрсетеді, бұл шетелдік нарықтарда қазақстандық
тауарлар мен қызметтердің болуын ұлғайтып қана қоймай, сондай-ақ
отандық өнімді әлеуетті сатып алушылардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік
береді», - деп атап өтті А. Маженова.

Жалпы, көрмеге қатысу бизнесті кеңейту, серіктестермен байланысты
нығайту, Қазақстан мен өңірдің экономикасын дамыту жолындағы маңызды
қадам болып табылады.
photo_2023-05-12_16-53-19.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар