20.12.2019

Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа кеңсесі ашылды

«Бәйтерек» Холдингі Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің елордалық филиалын (ҚТҚЖБ, Холдингтің еншілес ұйымы) ашты. Салтанатты шараға қала әкімі Алтай Көлгінов пен ҚТҚЖБ басшысы Ләззат Ибрагимова қатысты.

- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - Халық банкі. Бұл сөзімді келесі сандар растауда. Орташа алғанда, күн сайын 190 салымшы тұрғын үй сатып алады. ҚТҚЖБ жұмысының барлық кезеңінде 200 мыңнан астам қазақстандық өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Қазір банкте болашақ баспанасына 1,5 миллион қазақстандық қаражаттарын жинауда, және де олардың саны күн сайын артып келеді. Өз клиенттеріне жақын болу үшін бүгін елордада жаңа филиал ашылады. Мұнда салымшыларға қызметтердің барлық спектрі көрсетіледі. Жаңа ғимаратта ыңғайлы күту залы және балаларға арналған ойын алаңы бар. Сондай-ақ, бөлімше мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

ф1

Айта кету керек, жаңа кеңсенің көлік тұрағы, киім ілетін орны, балаларға арналған ойын бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіш механизм, нашар көретін клиенттерге арналған тактильді жол бар. Бірінші қабатта нотариустарға арналған кабинеттер, онлайн-қызмет көрсету және «Азаматтарға арналған үкімет» орналасқан. Клиенттерге 42 маман қызмет көрсетеді.

ф2

Өз кезегінде Ләззат Ибрагимова Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан тұрғындары тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін белсенді түрде пайдаланатынын және ТҚЖБ-да болашақта тұрғын үйге қаражат жинайтынын айтты. Қазір банкте елорда тұрғындарының 208 мың шоты бар. Олардың жинақ ақшасының жалпы сомасы 143 млрд теңгені құрайды. Биыл тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен 10 мың тұрғын қоныс тойын атап өтті.

Айта кету керек, ҚТҚЖБ тек өз бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асыруда. Мысалы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы елордада жылына 2% мөлшерлеме бойынша алғашқы жарна 10% жеңілдікпен 700 көп балалы және толық емес отбасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар ала бастады. Нұр-Сұлтандың тағы 36 отбасына оң шешім беріліп, олар өз үйлерін іздеуде. Бүгін банк қызметкерлері балалар үшін жаңа жылдық шырша мен сыйлықтар ұйымдастырды.

ф3

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар