Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.09.2023

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау жұмыстары ҚазАгроҚаржы СК Агро 2050 ЖШС- мен серіктестікте

16.11.2022

Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшысы болды

Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басшысы болды
2022 жылғы 16 қарашада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Байбазаров Нұрлан Серікұлын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы етіп тағайындады. Осыған дейін ол «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ны басқарды. 

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның жаңа басшысын ұжымға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев таныстырды:

«Нұрлан Байбазаровтың қаржы ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі мол. Ол Қазақстанның Даму Банкінің еншілес құрылымы Өнеркәсіпті дамыту қоры тиімді басқара білді. Нұрлан Байбазаровтың мықты басқарушы ретіндегі қабілетін, сондай-ақ Үкіметтің экономикалық блогындағы табысты жұмысын ерекше атап өткім келеді, осы тәжірибесі Қазақстанның Даму Банкін дамытуға өз ықпалын тигізетініне сенімдімін».

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.  2004-2011 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2013-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған. 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар