06.11.2023

Moody's «Бәйтерек» холдингі бойынша болжамын «Позитивті» деп жақсартты

Moody's «Бәйтерек» холдингі бойынша болжамын «Позитивті» деп жақсартты

2023 жылғы 31 қазанда Moody 's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін Baa2/Prime-2 деңгейінде растап, «позитивті» деңгейіне жақсартты.

Эмитент бойынша болжам Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне сәйкес жақсарды. Агенттіктің пікірінше, холдинг елдің экономикалық дамуындаа маңызды рөл атқарады, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі арнасы болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 100% тиесілілігінің арқасында орнықты позицияларға ие.       

Айта кетейік, 2023 жылғы 26 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ” АҚ-ның «тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингін растады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар