Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

25.09.2024 18:57:00

«Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік кешен кредиттік серіктестіктерінің бірінші саммитіне қатысты

12.09.2024

Moody's «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «Baa1» деңгейіне көтерді

Moody's «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «Baa1» деңгейіне көтерді

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Baa2»-ден «Baa1»-ге дейін көтерді. Рейтингті арттыру Холдингтің тұрақты қаржылық жағдайын және оның Қазақстанның экономикалық дамуындағы шешуші рөлін көрсетеді. Эмитенттің және Холдингтің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжам елдің егеменді рейтингіне сәйкес «Тұрақты» деңгейде қалып отыр.

Рейтингті арттыру Қазақстанның егеменді рейтингінің «Baa1» деңгейіне дейін жақсаруынан кейін мүмкін болды, бұл елдің институционалдық және экономикалық тұрақтылығының жақсаруымен байланысты.

Сонымен қатар, Moody's Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Аграрлық несие корпорациясы, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы және Өнеркәсіпті дамыту қоры сияқты Холдингтің негізгі еншілес ұйымдарының рейтингтерін жақсартты, бұл да осы институттардың ұлттық экономикадағы өсіп келе жатқан қаржылық мүмкіндіктері мен маңызды рөлін көрсетеді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрақты экономикалық өсуді қолдау және ел экономикасының негізгі секторларын әртараптандыруға және жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі өзінің стратегиялық миссиясын орындауды жалғастыратын болады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар