03.12.2024
- Холдинг туралы
Астана қаласында 15 қараша күні «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Арифханов Холдинг ұжымын Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен құттықтады.
Салтанатты іс-шара барысында бес жыл бұрын компанияны құруға атсалысқан және осы уақытқа дейін қызметін жалғастырып келе жатқан еңбеккерлерге арнайы марапат белгілері тапсырылды.
Марапатталған тұлғалар қатарында – Басқарушы директор – Холдинг Басқармасының мүшесі Ерсаин Хамитов, Басқарушы директор Вячеслав Сон, бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры Құралай Есенгараева, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры Сергей Куклин, Тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Данияр Кенбаев, Ішкі аудит қызметінің басшысы және басқалары бар.
Өзінің құттықтау сөзінде Айдар Арифханов осы жылы екі мерейтойлық күннің қатар келгенін айтып өтті – Холдингтің бес жылдығы және ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығы.
– 1993 жылдың 15 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналымға енгізілді. 25 жыл ішінде теңге өзінің тұрақтылығын көрсетіп, еліміздің тағы бір маңызды символына айналды. Сондықтан, бүгінгі мереке Үкіметтің негізгі қаржы институты ретінде «Бәйтерек» холдингі үшін өте маңызды күн,- деп атап өтті А. Арифханов.
Сонымен қатар, Холдингтің бірқатар басшылары мен қызметкерлеріне тиімді қызмет көрсеткендері және компанияны дамытуға қосқан үлестері үшін марапаттау грамоталары табыс етілді.