26.05.2023

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

25 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы А.А.Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. 

Отырыста қаралған негізгі мәселелердің бірі «Бәйтерек» холдингінің 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы тәуекелдер туралы есебін бекіту болды. Есеп холдингтің өзі үшін де, оның еншілес ұйымдары үшін де несиелік тәуекелді, нарықтық тәуекелдерді және өтімділік тәуекелін талдауды қамтиды. Көрсетілген мерзімде тізілімде және тәуекел картасында айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ.

Одан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2022 жылға шоғырландырылған және бөлек аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту ұсынылды. Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингінің Ішкі аудит қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің 2023 жылдың бірінші тоқсаны бойынша есебі ұсынылды. Есептерде жүргізілген аудиттер және ішкі бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат қамтылған. 34FE7FE5-66D5-4849-B115-D11062852963.jpeg

Сондай-ақ, отырыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жоспарлары айтылды. Капиталды ұлғайту ауылшаруашылық және жем-шөп техникасын, сондай-ақ жылжымалы суару жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін жоспарлануда. Жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгені құрайды. Бұл капиталдандырудың қаржылық-экономикалық негіздемесі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және даму министрлігімен бекітілген.

Отырыс қорытындысы бойынша директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов өңдеу өнеркәсібін қаржыландыруды жеделдетуді тапсырып, несиелік шешім қабылдау жылдамдығын арттыру қажеттігіне тоқталды. Ол өңдеу өнеркәсібін тиімді және уақтылы қаржыландыру елдегі экономикалық өсуді ынталандырудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың кілті екенін атап өтті.

IMG_1694.JPG

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар