19.12.2024
- Холдинг туралы
28 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Қатысушылар өңдеу өнеркәсібі, көлік және коммуналдық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру мәселелерін талқылап, холдингтің 2023 жылғы II тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекітті. Құжатта тәуекелдер картасы, тәуекелдерді басқару жоспары, негізгі көрсеткіштер мен іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат, сондай-ақ холдинг пен оған еншілес ұйымдардағы қаржылық тәуекелдер туралы ақпарат қамтылған.