20.03.2023

Холдинг пен оның еншілес ұйымдары Наурыз мейрамын тойлады

Холдинг пен оның еншілес ұйымдары Наурыз мейрамын тойлады
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Холдингте мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов барлық қызметкерлерді келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтап, амандық, табыс және қызметте жаңа жетістіктер тіледі. Сондай- ақ ол барша адамға ортақ құндылықтар бастауы ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың маңызын атап өтті.
Іс-шараға қызметкерлерден басқа, қонақ ретінде шақырылған инвесторлар да қатысты, бұл іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Компания қызметкерлері мен қонақтар наурыз көже, қымыз, бауырсақ, тағы да басқа тағамдардан дәм татып, ұлттық дастарханның байлығына куә болды.  
Сонымен қатар, Холдинг пен еншілес ұйымдардың қызметкерлері халық әндерін шырқап, ұлттық билер билеп, өнерлерімен тамсандырды. Іс-шараға қатысқан қонақтар қазақ халқының шеберлігі мен қонақжайлылығын жоғары бағалады.
Мейрам қызметкерлер арасындағы корпоративтік мәдениетті нығайтатын қуанышты, жарқын күнге айналып, халқымыздың кеңпейілділігін, еліміздің мәдениетін паш етті. 

photo1679316383.jpeg


photo1679316383 (1).jpeg


photo1679316383 (2).jpeg


photo1679316383 (3).jpeg


photo1679316383 (4).jpeg


photo1679316383 (5).jpeg


photo1679316383 (6).jpeg


photo1679316383 (7).jpeg


photo1679316383 (8).jpeg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар